ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Елімізде маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтіледі. Осы күні — ақ халатты абзал жандарға арнайы сый-құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Десе де, денсаулығымыз сыр беріп, жанымыз қысылғанда көмек қолын созуға дайын тұратын дəрігерлерге әр күні алғыс білдірсек те көптік етпейді.
Осы ретте болашақ полиция қызметкерлерінің денсаулығын тексеріп, жолдама беретін Түркістан облысы Полиция департаментінің округтік әскери-дәрігерлік комиссиясы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Құрметті Ләззат Нысанқызы бастаған білікті мамандар ұжымы!
Сіздер полицейлердің денсаулықтарын қадағалап, тиісті ем – дом жүргізуде абыройлы қызмет атқарып келесіздер. Онымен қоса ел мен жерді қорғауда дені сау азаматтар ды іріктеп, жаң өмірге жолдама бересіздер! Осынау жауапкершілігі көп, қиын да қызықты жұмыстарыңызға сәттілік, төзімділік пен күш-қайрат тілейміз! Отбасыларыңыздан бақыт-береке арылмасын!