ТАНЫСЫНЫҢ АҚШАСЫН АЛАЯҚТЫҚ ЖОЛМЕН ӨЗ ЕСЕПШОТЫНА АУДАРЫП АЛҒАН ӘЙЕЛ АНЫҚТАЛДЫ

217

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, жеке есепшотынан ақша ұрланғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуы бойынша, таныс емес әйел оның телефонындағы kaspi.kz қосымшасы арқылы 500.000 теңге ақшасын жымқырған.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Жан-жақты тексеру барысында, тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті әйел жәбірленушімен бірге ішімдік ішкен. Ақша аудару барысында оның құпия санын көріп алған.

Содан кейін жәбірленушіден бір танысына хабарласып алу үшін ұялы телефонын сұрап, ақшасын аударып алған.

Қазіргі уақытта аталған жайттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.