ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 7 ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІН ТОҚТАТТЫ

157

Заңсыз ойын бизнесі қызметінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қарқынды жұмыс жүргізуде.

Мәселен ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментімен бірлесе атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының Сарыағаш қаласында «Bingo37», «Keno», «Fortuna» және басқа да форматтағы компьютерлік ойындар қызметтерін ұсынған 6 ойын нүктесінің заңсыз қызметі тоқтатылды. Жедел уәкілдер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың бірі, жергілікті тұрғынды ұстады.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары Түркістан қаласында да заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірлесіп, қалалық автовокзалдардың бірінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ер адамды ұстады.

Қазіргі уақытта осы факті ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігі «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.