АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН МЕМЛЕКЕТТЕН ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН ДЕП 30 МИЛЛИОН ҚАРЫЗҒА БАТЫРҒАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

206

Сауран аудандық полиция бөліміне алаяқтың құрбаны болған 40-тан астам ауыл тұрғыны шағым түсірді. Олардың айтуынша, таныс ер адам «мемлекеттен қайтарымсыз несие алуға» көмектесетінін айтып, алдын ала әрқайсысынан 300 мыңнан екі миллионға жуық ақшаларын алған.

Одан кейін алаяқ бір жыл бойы тұрғындарға берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, полицияға жеткізді. Ол бұрын сотты болған жұмыссыз, түркістандық тұрғын болып шықты. Тергеу барысында ұсталған ер адам алдау жолымен алған 30 миллионға жуық қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін мойындады.

Қазіргі уақытта күді