ӘЙЕЛДІ ҚОРҚЫТЫП, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫН ЖЫМҚЫРҒАН ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

140

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шағым келіп түсті. Әйел адамның айтуынша, кешкі уақытта үйіне қайтар кезде белгісіз ер адам оны тоқтатып, күш қолданып өзіне тиесілі «OPPO A3» маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алды.Тәртіп сақшылары аталған хабарламаны алған бойда, күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардан сұрастырып, жақын аймақтарды тексеріп шықты. Нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам бөтеннің ұялы телефонды сатып, ішімдік алмақшы болған. Тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында дер кезінде анықталды.Қазір күдіктіден қолды болған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.