ПОЛИЦЕЙЛЕР ОБЛЫС ТҰРҒЫНЫНАН 10-НАН АСТАМ ТҮП ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕДІ

182

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша жұмыс жүргізіп, құрамында есірткі заты бар өсімдік егу дерегін анықтады.

Полицейлер Шардара қаласы тұрғынының ауласын тінту кезінде, есірткіге ұқсас 11 өсімдік түптерін тапты. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған айғақты зат «сора» болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және есірткі құралдарын сақтау үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.