АРЫС АУДАНЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРА ӨТТІ
Арыс аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция мойоры А.Мырзахметованың ұйымдастыруымен, аурухана ғимаратында ондағы жас мамандармен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас буынның бойына әрбір жанұяда ынтымақ-бірлік, сыйластық үнемі сақталу керектігін сіңдіру. Кездесу кезінде қатысушылардың жеке пікірлері тыңдалып, сұқбат өрбіп, кері байланыс жасалды. Полицей А.Мырзахметова «Отбасы бақыты» тақырыбында баяндама жасап, отбасы құндылығын дәріптеді.
Сондай-ақ бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу жұмыстары күшейтіліп, жаза қатаңдатылып жатқаны жеткізілді. Қандай да бір зорлық-зомбылықтың куәсі не құрбаны болған сәтте бірден құзырлы органдардың көмегіне жүгіну керектігі айтылды. Жиын соңында «Отбасы күніне» арналған бейнежазба көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.