САЙРАМ АУДАНЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР 1 КҮНДЕ 200-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАДЫ

334

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес Сайрам ауданы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мұндағы негізгі мақсат — жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу.

Іс-шараға Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары мен Сайрам ауданының полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 1 тәулікте 225 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Айыптұраққа 22 автокөлік қойылды.

Атап айтсақ, көші-қон саласы бойынша 11 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен — 9, 519-бабының 1-бөлігімен -1, 518-бабының 1-бөлігімен — 1 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сайрам аудандық полиция басқармасының есебінде тұратын тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар 52 қару иесі тескеріліп, тиісті шаралар атқарылды. Сондықтан полицейлер тұрғындарға қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңдылықты сақтауға шақырады.