9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ V «АБАЙТАНУ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҮШІНШІ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

444

Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты-М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға жол сілтеу, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық V «Абайтану» олимпиадасының үшінші қорытынды кезеңі 2023 жылғы 26-28 маусым аралығында Алматы қаласында өтуде.

Олимпиада екі айналым бойынша өтеді.

1-айналым. Абайдың қарасөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазу.

2-айналым. Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы тапсырмалар.

Олимпиаданың үшінші кезеңіне Шымкент қаласы атынан 6 оқушы және желілік «Абай мектебінен» 3 оқушы қатысады. Атап айта кетсек, Әбдіашим Амина Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы, Айтбек Аружан Ө.Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, Қадырбек Таңсұлу №83 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, Өсерханова Ақбота №80 IT мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, Тұрсынбай Нұрай Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы, Жеткерген Даниал «№1 TALANT» жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы, №90 ДБАМ мектеп-гимназиясынан Жимбай Нұрмұхамед 9- сынып, Ильясова Лаура 10-сынып, Тайжанова Аруназ 11-сынып оқушысы. Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға жол сілтеу, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық V «Абайтану» олимпиадасының үшінші қорытынды кезеңі 2023 жылғы 26-28 маусым аралығында Алматы қаласында өтуде.

Білім бәсекесіне түсетін дарындарға сәттілік тілейміз!