ШЫМКЕТТІҢ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ТАПСЫРЫСТЫ ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қалада статистикалық есеп бойынша 1077спорттық нысанды құрады(оның ішінде: дене шынықтыру және спорттық мәндегі-521, білім мекемелерінде-503, спорт мекемелерінде-53). Жалпы 1077 спорт нысанның- 150 жеке меншікте.
- 2023 жылдың 1 тоқсанында қаламызда «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром құрылысы»(демеуші есебінен)1 маусым балалар күніне орай «Металлург» стадионы және №20 спорт мектебінің спорт кешенінің құрылысы (бюджет есебінен) пайдалануға берілді.
Ал жыл соңына дейін қосымша 2 спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.Олар:
- №12 спорт мектебінің қосымша корпусы құрылысы(бюджет есебінен);
- «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы(жеке кәсіпкер есебінен);
Оған қосымша алдағы уақытта6 спорт нысан құрылысын жүргізу жоспарлануда. Олар:
- Тұран шағын ауданында «Теннис орталығы» құрылысы;
- Қалалық №15 спорт мектебінің спорт кешені құрылысы;
- Жаңа ипподромға қосымша атқоралар құрылысы(бәйге алаңын жарықтандыру мен өсімдіктерді суару жүйесін орнату);
- Тассай шағын ауданында спорт нысанының құрылысы /жеке кәсіпкер есебінен/;
- Нұршуақ шағын ауданындағы спорт нысанның құрылысы /жеке кәсіпкер есебінен/;
- Тұран шағын ауданындағы спорт кешеннің құрылысы /жеке кәсіпкер есебінен/;
Сонымен қатар, 5 спорт нысанның құрылысын жүргізу үшін құжаттамалары (техникалық экономикалық негіздемесі, жобалық сметалық құжаттамасы) әзірленуде. Олар:
- №1 спорт мектебінің қосымша ғимаратының құрылысы;
- №4 спорт мектебінің қосымша корпусының құрылысы;
- №16 спорт мектебінің қосымша спорт залының құрылысы;
- Қажымұқан атындағы орталық стадионды реконструкциялау;
- Шымкент сити шағын ауданында көпфункционалды «Шымкент арена» спорт кешенінің құрылысы;
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асуда.
2023 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталды.
Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 112 кәсіпкер біліктілік іріктеуіден өтіп, спорттын 20 түрі бойынша (баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, волейбол, көркем гимнастика, дзюдо, каратэ, таеквандо, жеңіл атлетика, жүзу, үлкен теннис, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі, футзал, шахмат, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арналған үстел теннисі, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арналған тұрып ойнайтын волейбол, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арналған футбол 7х7)16 790 балаға ваучер берілген (213 секция).
Осы жоба аясында 338 жаттықтырушы және 200 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы саны 538 адам.
5 аудан бойынша:
— Абай ауданында 46 спорт секция;
— Әл-Фараби ауданында 42 спорт секция;
— Еңбекші ауданы 26 спорт секция;
— Қаратау ауданы 58 спорт секция;
— Тұран ауданы 41 спорт секция жұмыс жасауда.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс арқылы 2024 жылы 23 000 баланы (22%) спорттық секциямен қамтамасыз ету жоспарлануда.
2021-2022 жылдары және 2023 жылдың мамыр айына дейін мемлекеттік спорттық тапсырыс жүзеге асыру artsport.edu.kz («SoftDeCo» ЖШС) платформасы арқылы жүзеге асырылды.
2023 жылдан мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыру платформасын анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу ашық конкурсы жарияланып, мамыр айында шыққан конкурстың нәтижесінде DamuBala («QazTiQet» ЖШС) платформасы жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда, DamuBala платформасына мәліметтерді енгізу жұмыстары жүргізілуде.