БӘЙДІБЕК БИ & АРҒЫНБЕКОВ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙЫРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН ЖӘНЕ ШЫҒЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛУДА

224

Бүгін жолайырық жұмыстарын аралап шыққан шаһар басшысы аталмыш нысанның көлік қозғалысын реттеудегі маңыздылығын атап, құрылыс жұмыстары сапасын тексерді.

Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Жолайырық құрылысы аяқталғанда, көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.

Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жолайырықтың Арғынбеков көшесі бойында тіреу қабырғаларын орнату және Бәйдібек би даңғылы бойында көпір өткелі конструкциясының негіздері темір-бетонды тірек конструкцияларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізде болса, 6-шілде күні, Бәйдібек би даңғылы бойында көлік қозғалысы тоқтатылған болатын. Ал. Тамыз айының 31 күні көлік жүктемесін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша ашылған-ды. Ендігі кезекте, жұмыстарды ыңғайластыра отырып Қараша айында нөмірі 1 және нөмір 4 оң жақ өткел жолында көлік қозғалысын ашу жоспарланған.

ШЫҒЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛУДА

Шымкентте “Шығыс” айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов құрылыс барысы мен жұмыс сапасын арнайы барып тексерді.

Айтып өтейік, “Шығыс” айналма жолының құрылысы былтыр басталды. 1-кезеңі №1 автожолынан “Әл-Фараби”көшесіне дейінгі аралықты, яғни ұзындығы 3,9 шақырым, ені 60 метр 4 жолақты жолды қамтиды.

Қазіргі таңда жол негізін әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, құрылыс 2023 жылдың 1 тоқсанында толығымен аяқталмақ. Бүгінгі күнге дейін жұмыстарының 75% орындалды.