ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӨТКЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

187

Соңғы үш күн қатарынан Астана қаласында ересектер арасында спорттың белбеу күресінен Әлем чемпионаты өтті. Сайысқа 30 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.Әлемдік додаға Қазақстанның намысын қорғап, түркістандық полицейлер де қатысты. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қарсыластарын жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Атап атсақ, Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ саптық бөлінісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Молдаш Төребек 75 келі салмақ дәрежесінде ІІ-орынды иеленді. Ал қыздар арасынан түркістандық тәртіп сақшысы, полиция аға лейтенанты Перизат Жақыпбекова 76 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды қанжығалады.

Осы ретте қиын да қауіпті қызметтерімен қатар, әлемдік дәрежедегі спорттық сайыстарда топ жарып жүрген әріптестерімізге сәттілік тілейміз! Әрқашан көк туымызды көкте желбірете беріңдер!