ТҰРҒЫННЫҢ ТЕМІР АСТАУЫН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзіне тиесілі мал суаратын темір астауын белгісіз біреу жымқырып кеткені жөнінде шағымданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын 100.000 теңге.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Ақпарат алған тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, қылмысты ашуға қажетті барлық шараларды іске асырды. Куәлардан жауап алып, жақын аймақтарды тыңғылықты тексерді. Алынған ақпарат көздері арқылы полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оның тұрғылықты мекенжайын анықтады. Ол ауылдас тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті артизан басында орналасқан темір астауды ешкім байқамай тұрғанын біліп, арнайы жүк көлігіне тиеп әкетіп, сатып жіберген. Бүгінде қолды болған темір астау тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.