ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

233

Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын модернизациялау бағдарламасы бойынша жыл сайын тұрғындардың келісімімен көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтеді. Көп қабатты тұрғын үйлерді кұрделі жөндеу ҚР Үкіметінің Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қолданылады.

Тұрғын үй қорын модернизация бағдарламасының мақсаты  – Шымкент қаласындағы авариялық тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету.  Сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру ортасын жаңарту және қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасау.

Сондықтан Шымкент қаласында 2022 жылы 9 үй 462 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Ал биыл 1 миллиард теңгеге 15 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның 12-сі Әл-Фараби ауданы, 3-еуі Тұран ауданы аумағында орналасқан.

Келесі жылы 40 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

2023 ЖЫЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕТІН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ТІЗІМІ

  1. Күншығыс шағын ауданы №11 үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
  2. Күншығыс шағын ауданы №14 үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
  3. Күншығыс шағын ауданы №40 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
  4. №17 шағын ауданы №14 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
  5. Ғ.Ілияев көшесі №113/5 түрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
  6. Күншығыс шағын ауданы №1 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
  7. Спорт шағын ауданы №10 тұрғын үй, пәтер саны 70, Әл-Фараби ауданы
  8. Отырар шағын ауданы №13/1 тұрғын үй, пәтер саны 30, Әл-Фараби ауданы
  9. Жангельдин көшесі №16 тұрғын үй, пәтер саны 60, Әл-Фараби ауданы
  10. Дулати көшесі №205 тұрғын үй, пәтер саны 40, Әл-Фараби ауданы
  11. Байтұрсынов көшесі №67 тұрғын үй, пәтер саны 43, Әл-Фараби ауданы
  12. Әл-Фараби көшесі №21 тұрғын үй, пәтер саны 13, Әл-Фараби ауданы
  13. Республика көшесі №36 A тұрғын үй, пәтер саны 48, Тұран ауданы
  14. Республика көшесі №26 тұрғын үй, пәтер саны 43, Тұран ауданы
  15. А.Асқаров көшесі №32 тұрғын үй, пәтер саны 120, Тұран ауданы

Шымкент қаласында 2022 жылы 9 үй 462 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Ал биыл 1 миллиард теңгеге 15 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның 12-сі Әл-Фараби ауданы, 3-еуі Тұран ауданы аумағында орналасқан.