ЖЫЛЫНА 500 МИЛЛИОН БӨТЕЛКЕ СУСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТЕ 4 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

185

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қала экономикасына қатысты инвестициялық жобаларды іске қосу мақсатында «Zalal Mowafaq» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде екі тарап  Шымкентте жылына  500 миллион бөтелке алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу, сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындарын 300-ден астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарларын талқыланды.

Компанияның Ауғанстанда жеміс шырындары мен энергетикалық сусындарды өндіруде жиырма жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта бұл әлемдік тәжірибеде сұранысқа ие сусын екендігі дәлелденді. Ауғанстандағы алкогольсіз сусындар нарығының 78,4%-ды  иеленуі олардың  бұл саладағы  жетістіктері мен тәжірибесі мол екендігін көрсетеді. Аталған инвестициялық  жобаны жүзеге асыру үшін «Бозарық» индустриалдық аймағынан 10 гектар жер телімі берілді.

Жобаның жалпы құны 7 200 млн. теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2024 жылға жоспарлануда.

Биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары

Сайрам,  Базарқапқа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Сайрам тұғын алабындағы  «Астана» және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысын тексерді.

«Астана» мектебінің 2 мың орындық білім ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мұнда құрылыс наурыз айында басталған. Ал

Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі  3 мың орынға лайықталған. 3 қабатты ғимарат

заманауи үлгіде бой көтеруде.

Екі нысанда да қазір ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылып, аулалары абаттандырылуда.

Орындалған жұмыстардың көлемі 90- 95%.  Озық үлгіде салынған білім ошақтары қыркүйекте оқушыларға есіктерін айқара ашатын болады.

Жеке мектептер бала саны жыл санап артып келе жатқан елдімекендердегі мектептердің жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шаралардың барлығын ескеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.