БАҚЫТТЫ БАЛДӘУРЕН: 198 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛДЫ ЖӘНЕ ТЕМІРЛАН ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАТЫН БОЛДЫ
Шымкенттік оқушылардың жазғы демалысы қызықты өтуде. Каникул мерзімін тиімді өткізу үшін 237 жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, маусым айында мектептер жанында ұйымдастырылған «Жасыл қала», “Шығармашылық”, “Спорттық-туристік”, “Интеллектуалдық” бағыттары бойынша іске қосылған лагерлерге 175 000 нан астам оқушы барды. Оның ішінде, білім қоры есебінен қала сыртындағы 15 лагерде 7 241 баланың 85 %-ы демалды. Қалған балалардың демалысын ұйымдастыру тамыз айының 15-не дейін жалғасады. Ата-аналар мен қоғам белсенділері тарапынан арнайы мониторинг тобы құрылып, лагерлердің жай-күйі зерделенді.
Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақсу» лагерінде ауқымды форматта спорттық сайыстар ұйымдастырылды. 100-ден астам бала спорттың волейбол, шахмат, футбол, эстафеталық жүгіру, суға жүзу түрлерінен сайысқа түсті. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
ТЕМІРЛАН ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАТЫН БОЛДЫ
Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлы жүріп тұруына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында мегаполистегі басты жолдардың бірі Темірлан тас жолына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданына қарасты аталған тас жолдың бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше бағыттағы жұмыстар нақтыланды.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта Темірлан тас жолы бойында 131 кәсіпкерлік нысандар орналасқан. Оның ішінде 1 әмбебап базары, 3 мешіт, 8 авто көлік сату орталығы, 2 ірі сауда орталығы, 12 тойхана, 13 мейрамхана, техникалық қызмет көрсету орталықтары және ірілі ұсақты дәмхана мен әмбебап дүкендері орналасқан.
Қазіргі уақытта аталған кәсіпкерлік нысандардың жол бойында орналасқан авто көлік тұрақтары, аулалары мен қас беттерін (фасад) реттеуді қажет ететіндері 30% құрайды.
Бұл нысандар қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмей, авто көлік тұрақтары мен аулаларын абаттандырып, нысанның қас беттерін жаңартып, реттеуге өз келісімдерін беріп, қолдау тапты.
Аталған бағытта жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады және қаланың көркі күн артып ажарланатындығы сөзсіз!