ҚОРЖЫНДА 2 АЛТЫН, БІР ҚОЛА
Малакка қаласында (Малайзия) өткен WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары 2 алтын, бір қола медаль еншіледі. Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегері – Софья Берульцева, Қайсар Алпысбай және Данияр Юлдашевті Шымкент әуежайынан жерлестері қошеметпен күтіп алды. Іс-шараға жеңімпаз спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлер жиналды.
Каратэден Шымкент қаласы құрамасының аға жаттықтырушысы Бақтияр Тоқсейітов жарыс жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
– Азия чемпионатының алдында Индонезиядағы оқу-жаттығу жиындарына қатыстық. Сол жақтан тіке құрлық чемпионатына жол тарттық. Биылғы чемпионатқа 32 ел қатысып, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бізге басты қарсылас болған – Иран және Жапония спортшылары. Мықты бәсекеге қарамастан еліміздің құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға ие болды. Соның ішінде, 2 алтын, 1 қола жүлде Шымкент қаласы спортшыларына тиесілі. Биылғы басты дода – Азия ойындарында да жақсы нәтиже көрсетеміз деген үміттеміз, – дейді Б.Тоқсейітов.
Ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Қайсар Алпысбай жеңімпаз атанса, 84 келіде Данияр Юлдашев қола жүлдені қоржынға салды. Чемпионаттың алғашқы күнінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, үздік шыққан еді. Малакка қаласында (Малайзия) өткен WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионатында Шымкент қаласының спортшылары 2 алтын, бір қола медаль еншіледі. Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегері – Софья Берульцева, Қайсар Алпысбай және Данияр Юлдашевті Шымкент әуежайынан жерлестері қошеметпен күтіп алды. Іс-шараға жеңімпаз спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлер жиналды.
Іс-шарада жеңімпаз спортшылар Азия ойындарына және әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүргізетінін айтты.