ДЕПОРТАЦИЯНЫҢ ҚАЙҒЫСЫ МЕН ҚАСІРЕТІ

191

Зұлмат жылдары сталиндік қанды қасапқа түскен қазақ қоғамы өз еркімен тыс Кеңес өкіметі заңдары мен қағидаларын, идеологиясын мойындап бағынышты өмір сүруге мәжбүр болды.Азамат соғысы бітсе де, таптық соғысы бітпеді. Кеңес өкіметіне қарап, «әу» дегендер тап жауы ретінде сотталып, жер аударылып кете барды. Күштеп көшіру мен күштеп әкеліп орналастыру жүйелі түрде өкіметтің қаулысы және нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіліп отырды. Бұл туралы тарихи құжаттар не дейді?

 

БОАК мен Қеңес халық комитетінің №18 құпия нұсқаулығы «Кулактарды күштеп көшіру» 4 ақпан 1930ж. Москва, Кремль.
«Тап есебінде кулактарды толығымен жою, контрреволюциялық қарсылықты басу мақсатында келесі іс-шаралар атқарылсын:
а) белсенді кулактарды КСРО-ның шет аймақтарына күштеп көшірілсін;
б) қалған, аса қауіпті емес кулактарды, сол ауданның тысқары аумағына жер аударылсын;
Ескертпе: күштеп көшіру, орналастыру ОГПУ-ға жүктелсін»
Күштеп көшірілген бай-құлақтар бір жерге емес, бытыраңқы орналастырылды. Ал, Қазақстанда депортация қалай жүргізілді?
Қазақ қоғамы рулық қауым болып, ағайындылықты пір тұтып өмір сүрді. Большевиктік партия тап күресін әкелгенімен қоймай, ағайынның арасына от салып, тоз-тозын шығарды. Сонымен, шолақ белсенділер рулас ағайынның үстінен арыз-шағымды қарша боратты. Кеңес өкіметіне керегі де осы еді. Жалаң бұт, жалаң аяқ шолақ белсенділердің астына ат, қолына қамшы беріп өз халқының жендетіне айналдырды.
Қазақ өз туған жерінен үдере ауа көшті. Тар жол, тайғақ кешу зардабын бастарынан өткеріп, Қытай, Монғолия, Гималай асып, Кашмирға дейін барып, біразы Қытайда, Ауғанда, Иранда, Иорданияда, сонында Түркияға ауды. Қазақ өз елінде, өз жерінде өгейдің күнін кешті. Қуғын-сүргінге, зұлмат-зобалаңға түсіп бірталайы атылып жер құшты, аштан қырылды, аман қалғандарының талайы сот шешімімен депортацияға ұшырады. Сотталғандар ішінде тек қана қазақтар емес, басқа да ұлт өкілдері көп болды. Сонымен архив деректері не дейді?
Түркістан облысы Мемлекеттік архивінде 51 азамат сот шешімімен депортацияға ұшыраған. Атап айтар болсақ:

  1. Топеев Елікбай 58 бап, 10-82 тармақ
    2. Энгельман Годлиб 58 бап, 10-тармақ
    3. Фрейхлер Андреас 58 бап, 10- тармақ
    4. Удовиченко А. 58 бап, 10-тармақ
    5. Турганбаев Оспан 58 бап, 10-тармақ
    6. Токсанбаев Кырыкбай 58 бап, 10-82- тармақ
    7. Ткачев Матвей 61 бап, III-тармақ
    8. Тасымбеков Тулебай 58 бап, 10-тармақ
    9. Тажиев Бекмурза 58 бап, 10-тармақ
    10. Сулейменов Акрам 61 бап, III -тармақ
    11. Сейтулы Ахмет 61 бап, III-тармақ
    12. Садыков Раймжан 58 бап, 2-10- тармақ
    Бостандық көтерілісі №4364
    13. Cадыков Файзулла 58 бап, 2-10- тармақ
    Бостандық көтерілісі №4364
    14. Омарулы Әзим 61 бап, III-тармақ
    15. Нурметов Толемет 58 бап, 10-тармақ
    16. Мырзашулы Толебай 61 бап, III-тармақ
    17. Мылтыкбаев Карнбай 58 бап, 10-тармақ
    18. Мусаев Мейрбек 58 бап, 10-тармақ
    19. Мусабаев Юсупахмет 58 бап, 2,10-тармақ
    Бостандық көтерілісі №4364
    20. Мусабаев Ташмат 58 бап, 2-10-тармақ
    Бостандық көтерілісі №4364
    21. Муминов мулла Ташмат 58 бап, 10-2 -тармақ
    Бостандық көтерілісі №4364
    22. Мырзабеков Сайлаубек 58 бап, 10-тармақ
    23. Минбаев Мырзабек 58 бап, 10-тармақ
    24. Мешенко Кузьма 61 бап, III-тармақ
    25. Манаков Камель 58 бап, 10-тармақ
    26. Мадәнінулы Әріпжан 61 бап, III-тармақ
    27. Лидер Карл 58 бап, 10-тармақ
    28. Куликов Григорий 61 бап, III-тармақ,
    169 бап, II-тармақ
    29. Крыкбаев Ахан 58 бап, 10-тармақ
    30. Касымов Есен 58 бап, 10-тармақ
    31. Карнбаев Мади 58 бап, 10-тармақ
    32. Калыкулов Джабан 58 бап, 10-тармақ
    33. Калжигитов Курманбай 58 бап, 10-тармақ
    34. Жусипбаев Таскул 58 бап, 10-тармақ
    35. Жаппаров Турсунбек 58 бап, 10-тармақ
    36. Жанакбаев Крыкбек 58 бап, 10-тармақ
    37. Есмурзаулы Кария 61 бап, 111 бап
    38. Ермекбаев Уташбек 58 бап, 10-тармақ
    39. Еременко Матвей 58 бап, 10-тармақ
    40. Евтухов Иван Васильевич 61 бап, III тармақ
    41. Бейсенбаев Кувандық 58 бап, 2-тармақ
    42. Баймбетов Ахмет 58 бап, 10-тармақ
    43. Әбілкасымулы Тохтаназар 61 бап, III-тармақ
    44. Антонов Филипп 61 бап, III-тармақ. 106 бап
    45. Алтыбаев Жайлаубай 58 бап, 10-тармақ
    46. Дмитренко Иван 61 бап, III-тармақ
    47. Давыдова Агрепина 58 бап, II-тармақ
    48. Гончаров Михаил 61 бап, III-тармақ,
    169 бап, II-тармақ
    49. Воронин Иван 61 бап, III-тармақ,
    169 бап, II-тармақ
    50. Ботбаев Сеилбек 58 бап, 10-тармақ
    51. Бекзатов Рахмет 58 бап, 10-тармақ

Тағы екі адамның аты-жөні белгісіз. Олар 58 бап, 10-тармақпен сотталған.
Міне, архивте бар толық сот шешімімен депортацияға ұшырағандар тізімі осы. Ия, қазіргі таңда жоғарыда аталғандар толық жазасын өтегендер және де олар Түркістан облысы архив қызметкерлерінің ұсынысымен саяси ақталуға ұсынылды.
Күштеп қоныс аудару тарихына қатысты деректер ТМД елдері және Қазақстан Республикасы мұрағаттарында сақталған көптеген ресми құжаттарда нақты көрініс тапқан. Осы орайда, Түркістан облысы архив қызметкерлеріне, басшысы Исатаева Айдын Кеңесбайқызына үлкен алғысымды білдіремін.
Тарихшылардың Астана хартиясында тәуелсіз мемлекеттердің өткен тарихына тән ортақ тағдырды бірлесе отырып зерттеу қажеттілігі ерекше аталып өтілді. Осы оқиғаға байланысты баспасөзде жарияланған үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Этностың және діни тегі бөлек мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенін диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түрмелерінде жазықсыз көз жұмды, деді. Біз үшін, азат тәуелсіз Қазақстан азаматы үшін оларды еске алып, тарихи әділеттілікті орнату, есте сақтау, саяси тұрғыдан ақтау – қасиетті парыз.
Архив деректерімен жұмыс жасайтын зерттеушілердің қоғам алдындағы міндеті – тарихи, саяси, адами тұрғыдан ақиқатын ашып, әділетті бағасын беру. Міне, осы бағытта Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тарихшы зерттеушілері өз зерттеулерін жалғастырып келеді.

Ғ.СҮЛЕЙМЕН,
қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Шымкент өңірлік комиссиясының мүшесі, Тәшенов университетінің аға оқытушысы

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»