ӨҢІРДІ ӨГІЗДЕЙ ӨРГЕ СҮЙРЕГЕН ӨНЕРКӘСІПТЕР

137

Оранғайлықтардың тұрмысын жақсартып, ауыл экономикасын дамытуға үлес қосып, салықтық базаны нығайтуда өнеркәсіп саласы серпінді жетіліп келеді. Әзірге ауыл шаруашылығынан кейінгі екінші орында тұр. Жақында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы да тез аяққа тұрып кетпек.

Оранғай ауылдық округінің әкімі Сыздық Пирметовтің айтуынша, бүгінгі таңда ауылға тіркелген өнеркәсіп орындары онға жақындап қалды. Қазіргі кезде ауылдастарын жұмыспен қамтып, Оранғай ауылдық округі бойынша жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындары қатарында «Тас жол» ЖШС асфальт шығарады. «Майшай су» ЖШС қиыршық тас өндіреді. Бетон шығарады. «Кас-Ай»- ЖШС бетон және қиыршық тас өндіреді. «Фахри строй бетон» дайын бетон мен құрылысқа қажетті газоблок шығарады. «Досан Ата» дайын бетон өнімдерін шығарады.

«Яссы құс» шаруа қожалығы 80 мың бас тауық өсірумен айналысуда. Қазірдің өзінде 18 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Ауылда жеке негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 900 млн теңгеге жоспарланып, биылғы бес айда 400 млн теңгесі орындалды. Оранғай ауылында Балмұздақ сақтау қоймасы іске қосылды. Жоспарланған инвестициясы 2,5млрд теңге болып отыр.

Осындай кәсіпорындар көбеюіне байланысты ауыл округінің салықтық түсімдері де еселеп артқан. Қазіргі кезде жергілікті бюджеттің салық төлеу базасын құрайтын барлық субьектілерді қайта түгендеу жұмыстары жүргізіліп, салық төлеуіне жататын салық базаларының есебі алынды. Бүгінгі таңда 34 нысан,101 жеке кәсіпкер,182 шаруа қожалықтары тіркелді.

Ауыл округі бойынша 2023 жылдың 5 айында салық түрлері бойынша тапсырманың орындалуы ойдағыдай. Салықтың барлық түрлері бойынша жоспар 13,856 мың теңге, яғни 108 пайызға толық орындалды. Әсіресе, биылғы бес айда мүлік салығы 120 пайызға орындалса, көлік салығының 222 пайызға дейін артқандығы байқалады. Бұл халықтың тұрмысы жақсарып, көліктің көбейгендігін көрсетеді.