“БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025”

211

Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ—нің ұйымдастыруымен Жаңа Иқан ауылдық оуругінде жастармен кездесу өтті.

“Бизнестің жол картасы-2025” бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тұрғындарға түсіндірілді. Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Біріңғай бағдарлама 4 бағытты қамтиды:

Моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;

Экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау;

Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.