САУРАННЫҢ ДАМУ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

149

Түркістан облысы әкімі атап өткендей, Сауранның даму әлеуеті зор. Сауран ауданы бойынша 36 елді мекеннің 32-сі ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Халықтың 88,9%-ы таза су пайдаланады. Биыл Аша елді мекенінде ауыз су жүйесі құрылысының 2-ші кезеңі аяқталып, 522 үй ауыз су жүйесіне қосылды. Тағы бірнеше елді мекенде ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Су жүйесімен қамтуға құрылыс жұмыстарын жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған үш елді мекенге кешенді блок модуль орнату жоспарланған. Жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары сегіз елді мекенде жүргізіледі. Оларда 150 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Барлығы 1 100 орынға арналған мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша бес мектеп салынады. Бірнеше балабақша салынып жатыр.

Жаңа Иқанда жеке инвестор есебінен күніне 500 адамды қабылдайтын «Авиценна» жаңа емханасы ашылды. Шорнақ елді мекенінен тәулігіне 500 адам қабылдайтын емхана ғимаратының құрылысына тоғыз гектар жер бөлініп, құжаттары әзірленуде.