Инклюзивті білім беруді енгізуді жетілдіру

55

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі балалардың да өзге балалар секілді болашаққа деген амбициялары мен армандары бар екендігі, олар да өз қабілеттерін дамытып, мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру үшін сапалы білім алуы қажеттігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі балалар көбіне еленбей қалады, бұл олардың білім алуға қолжетімділігін және әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге қалыптасу мүмкіндіктерін шектейді. Әлем елдерінде мұндай балалар кәдімгі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барады. Ал, Қазақстанда керісінше, мектепке дейінгі ұйымдарда білім алуына оларға жағдай жоқ болған соң бара алмайды. Ерекше қажеттіліктері бар балалар кемсітушілікке, стигмаға және шешім қабылдаушылардың мектепке дейінгі қызметтерге қосуды күнделікті енгізбегендіктен білім алуда тұрақты кедергілерге тап болады.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көзі көрмейтін балаға білім беру және оқыту үшін қажетті, арнайы ұйымдастырылған жағдайлар жасау басқа балалармен тең дәрежеде жүзеге асады. Бұл осы санаттағы балалармен жұмыс істеуде физикалық қолжетімді орта, қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз етуде, арнайы мұғалімдермен қосымша және жалпы білім беретін сабақтар өткізуге, қатарластарымен қарым-қатынас жүйесін жүргізуде, қажет қызметкерлерді оқытуды қамтиды. Инклюзивті білім беру принциптерінің бірі – ерте көмек көрсетуден бастап, орта арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындарына дейінгі аралықта оның тіршіліктен тыс қалмауы. Қазақстанда, өкінішке қарай, көзі көрмейтін баланы балабақша деңгейінде бұл жүйеге қосу тәжірибесі кең таралмаған. Елімізде қолданыстағы арнайы балабақшалар негізінен көзі нашар көретін балаларды ғана қабылдайды. Осылайша, көзі көрмейтін жеткіншегі бар отбасы өз баласын тәрбиелеу мен оқыту мәселесінде жалғыз қалады, ал баланың өзі оқшауланып, жалпы мектепке дейінгі білім беруден тыс қалады.

Қазақстандағы жалпы білім беру жүйесінде зағип баланы оқыту үлгісі туралы айтатын болсақ, бұл әлі де бірегей және оқшауланған жағдай деңгейінде қалып отыр. Бірақ, біз айтып отырған осы мәселелер көптеген дамыған елдер үшін әдеттегі тәжірибе болып саналады. Жоғарыда айтылған мәселелерді қорытыта келе, келесі шараларды қабылдау қажет деп санаймыз: Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беруді қажет ететін баламен жұмыс істеу үшін, яғни объектіге-бағытталған бағдарлама (ОББ) бойынша педагог-көмекшісін тарту мүмкіндігін қарастыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог-ассистенті ерекше білім беруді қажет ететін балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияны ұсынуды жүзеге асырады деп көрсетілген.Зағип балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың тиімділігі жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдердің кәсіби деңгейімен анықталады. Инклюзивті білім беруді дамытудың осы кезеңінің маңызды сипаттамасы – жалпы білім беру мұғалімдері мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының инклюзивті тәжірибені жүзеге асыруға кәсіби дайындығының жеткіліксіздігі. Сондықтан инклюзивті процеске енгізілген педагогтерге білім беру инклюзиясын дамыту саласында көмек көрсететін барлық ресурстық ұйымдар тарапынан оларды қолдау (білім беру, психологиялық және т.б.) маңызды. Инклюзивті білім беруді енгізуді жетілдіру. Бұл ретте, кедергісіз ортаны ұйымдастырудағы қиындықтарды шешу керек. Яғни, білім берудегі инклюзияға қатысты тәрбиешілердегі, балалардағы және олардың ата-аналарындағы психологиялық кедергілер мен кәсіби стереотиптерді қамтитын әлеуметтік теріс көзқарас. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және т.б. арқылы инклюзивті білім беру құндылықтарын ілгерілету бойынша жүйелі ағарту және түсіндіру жұмыстары қажет. Жеке балалар орталықтарының тәжірибесіне назар аудару керек. Бүгінде Алматы қаласында «MaxKids»зағип балаларды дамыту және абилитациялау орталығы жұмыс істейді. Мұнда балаларды ерте жастан, 2 және одан жоғары жастағы балалар қабылданады. Бұл тәжірибені мамандандырылған балабақшаларда да, жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелерде де қолдануға болады. Осы орталықтағы зағип балаларды дамыту бағдарламасы тек тифлопедагогпен ғана емес, сонымен қатар нейропсихологпен, дене шынықтырумен, иппотерапиямен, музыкалық терапиямен сабақтарды да қамтиды. Мұндай орталықтармен ынтымақтастық мемлекеттік білім беру ұйымдары көрсете алатын қызметтердің сапасын жақсартуға және ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.