«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Сауран ауданының мәдениет үйінде «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты, тұрғындардың өз кәсібін ашу үшін Түркістан облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық жұмысшы топ арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналысты аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбаев, «Ырыс микроқаржы» ұйымының өкілі қатысты.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша жоғарыда аталған азаматтар жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы бағытында қаржылай қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты бойынша несие алу жолдары мен тәртібін кеңінен жан-жақты түсіндіріп өтті. Жиын барысында кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, арнайы келген мамандар тиісті жауаптарын берді.