БАБАЙҚОРҒАНДЫҚТАР БАЗЫНАСЫ — БИЛІК БАҚЫЛАУЫНДА

140

Сауран ауданының әкімі мен билік өкілдері Бабайқорғанға келер алдында жақсылап ойланып алады. Себебі, елді мекеннің тұрғындары мен қоғам белсенділерінің талабы да өмір заңына сәйкес көтеріліп келеді. Мәселен, өткен кездесудегі айтылған арыз шағымдардың бірқатары тоқсан көлемінде орындалды деуге болады. Ал, арнайы жоба жасап, бюджеттік нысан құрылысын жүзеге асыру біршама уақытты талап ететіндігі даусыз. Өткен кездесуде жастар тарапынан Ардагерлер ескерткішінің алаңын кеңейтіп, қайта жаңғырту жайы қозғалған болатын. Ардагерлер алаңы демеушілер есебінен жаңғыртылатын болады.

Салынып жатқан спорт кешенінің сапасын қадағалау жергілікті қоғам белсенділері мен билік тарапынан да жүзеге асырылып отыр. Бабайқорған ауыл округінде 99743 мың теңгеге спорт зал құрылысы мен кешені салынуда. Аудан әкімінің айтуынша, мұнда жасөспірімдер волейбол, баскетбол, футбол ойындарын ойнаса, тоғыз құмалақ, шахмат үйірмелері де ашылады. Оның сыртында осы спорт кешені маңынан балалардың ойын алаңы, демалыс орындары да бой көтереді. Қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округінің Абай елді мекенінен спорт зал салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасалуда. Салынып жатқан спорт зал құрылысы мен сапасын қадағалауға Қазақстан Республикасында бекітілген ҚНжЕ сәйкес арнайы мамандандырылған қадағалау жұмысына лицензиясы бар конкурс жеңімпазы техникалық қадағалаушы мекеме және жобаның авторы қатысады. Сонымен қатар тапсырысшы ретінде Сауран ауданы әкімдігінің Құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан қадағаланады.

Сауран ауданы әкімдігі жергілікті халықты ауыз сумен және егістікті табиғи су жүйелерімен қамту жұмысына жан-жақты талдау жүргізіп, кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Бабайқорған ауылдық округі, Абай елді мекеніндегі Ақтөбе су қоймасынан егіске баратын Тасарық құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге 11662 мың теңгеге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталып, жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Сараптама қорытындысы күтілуде.

Сонымен қатар Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекеніндегі «Сасық бұлақ» су қоймасынан егістікке баратын темір бетон арықтар құрылысының жоба сметалық құжаттамасын әзірлеуге 10 654 мың теңгеге байқау өткізіліп, жобалаушы мекеме анықталды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптауға жіберілді.

Абай елді мекенінде тозығы жеткен су тарату орталығына күрделі жөндеу жұмыстарына меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС-гі ЖСҚ әзірлеуде. Бабайқорған елді мекенін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, «ШЫМГОРПРОЕКТ» ЖШС-гі жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Келісім шарт құны – 7,3 млн теңгені құрайды. Сараптаманың оң қорытындысын алу тамыз айының соңына қарай жоспарлануда. Бабайқорған ауыл округіне 6-дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Тан Строй» ЖШС. Келісім шарт құны – 18,7 млн теңге. Трансформаторлар қыркүйек айының соңына дейін орнатылады деп күтілуде.

Бабайқорғандықтардың сұранысы бойынша алдағы уақытта Абай, Серт, Игілік елді мекендеріндегі барлық көшелерді жарықтандыру жұмыстары басталды. Абай, Серт, Игілік елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, меморандум арқылы «Авангард-ОК» ЖШС жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Сараптаманың оң қорытындысын алу тамыз айының соңына дейін жоспарлануда.

Үлгілі елді мекеніндегі Б.Майлин көшесінің 1,4 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Сарбаз Қуат» ЖШС. Келісім шарт құны – 20,3 млн теңге тұрады. Көксарай көпірін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Айжамал» ИП. Келісім шарт құны – 6,8 млн теңге тұрады.

Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар көпірін орташа жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба құны – 6,0 млн теңге тұрады. Бабайқорған ауыл округіне 17 дана жол белгілері орнатылды. Бабайқорған елді мекеніне воркаут, балалар алаңшасы, футбол алаңшасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме – «TBB-Construction» ЖШС. Келісім шарт құны – 18,1 млн теңге тұрады.

Бабайқорған ауыл округі қоқыс полигонының аумағына қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «SIS Строй» ЖШС. Келісім шарт құны – 7 млн теңге тұрады.

-Есепті кездесу ортақ мәселені шешу үшін керек. Президент тапсырмасына сәйкес, біз алдымен ауылдарды көркейтуіміз керек. Үкіметтің немесе аудандық, облыстық, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы арқылы жүзеге асырылатын межелі істерде ешқандай да жемқорлық болмайды. Оны арнайы комиссия тексеріп, мердігерлердің де жұмыс сапасы үнемі қадағалауда тұр,-дейді аудан әкімі.

Жиында ауыл тұрғындары бірқатар мәселелерді алға тартты. Алдағы уақыттарда да балалар және футбол алаңшаларын орнату, қоқыс полигоны аумағын қоршау, емхана алдына аяқжол орнату, су тасқыны кезінде бүлінген көпірді жөндеу жұмыстары жалғасын табады.

Бұл бастамашылықты бабайқорғандықтар қолдап, түсіністікпен қабылдады. Бабайқорғандық жастардың белсенділігінің нәтижесінде Бабай батыр мешіті бой көтеріп, маңына асхана тұрғызылды. Орталық мешіт жанынан демеушілік есебінен Қайырымдылық асханасы бой көтеруде. Жастардың бастамашылығымен демеушілер есебінен Ардагерлер алаңының аумағы кеңейтіліп, жаңғырту жұмыстары жасалмақ. Мұндай әлеуметтік нысандардың құрылысы сапалы жүргізілуіне мемлекеттік мекемелермен қатар жергілікті қоғамдық белсенділер де қадағалау жүргізетін болады.

Аудан әкімі өз кезегінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға ретімен жауап берді. Жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Әкім тиісті сала басшыларына мәселелердің нақты шешілу жолдарын қадағалауды тапсырды.