«ШЫМКЕНТТЕ НЕ ЖОҚ?..»
Қазақстанның барлық қаласында Өлкентану музейі бар да, Шымкенттегідей саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейі жоқ…(Түрме орнындағы және жеке тұлғаларға арналған музейді есептемегенде). Ал, Шымкентте мүлде бөлек… Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі бар да, Өлкетану музейі жоқ. Әнеки, Шымкент ерекше қала десем, сенбейсіздер… Бірақ, Шымкенттің қазіргі әкімі Мұрат Әйтенов Түркістан облысының еншісіне өтіп кеткен Өлкетану музейінің ғимараты мен біраз жәдігерін Шымкентке қайырып алуға әрекет жасағанымен әліге жүзеге аспады білем… «Зың» әкімнің тұсында «зым-зия» жоғалған музейді біраз жәдігерімен Шымкенттің меншігіне қайтарып ала-алса, қазіргі қала әкімі Мұрат Әйтенов жәй ғана «зың» әкім емес, “зың-зың” әкімге бір-ақ, айналар ма еді?..
ARA-ақпарат