ТҮРКІСТАНДА ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТІП ЖАТЫР

181

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің 30 жылдығына орай Түркістан облысының қаржы саласындағы қызметкерлері арасында спорттық, интеллектуалды және музыкалық сайыс өтіп жатыр.
13 қарашадан басталған сайыс үш күнге жалғасып, өзара мықтылар анықталды. Алғашқы күні «Turkestan-arena» спорт кешені стритбол ойынына қатысушы командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтіп, оған команда атынан 1 өкіл қатысты. Содан соң Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спорт залында 3 негізгі, 2 қосалқы ойыншыдан тұратын қатысушы командалар арасында жарыс өтті.
Екінші күні қазақша куиз командалар арасында интеллектуалды жарыс өтті. Әр команда 5 ойыншыдан құралып, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің кіші залында бақ сынады. Үшінші күнінде қаржы саласы қызметкерлерін салтанатты түрде құттықтау шарасында музыкалық сайыс өтіп, аталған үш жанр бойынша жеңімпаздар марапатталады деп күтілуде