САУРАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

128

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аймақ делегациясының іс-сапары аспан асты елінде бүгінде жалғасуда. Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жасалынуда.

Сапар аясында Чжэнчжоу және Иу қалаларындағы жаңа өндірістік технологиялар мен шағын және орта бизнеске арналған жабдықтармен танысқан болатын. Алғашқы күндері 3-5 желтоқсан аралығында Қытай Халық Республикасы Хэнан провинциясы Чженчжоу қаласының әкімшілігі және бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарында іскерлік кездесу өтті.

Басқосу нәтижесінде Чжэнчжоу қаласындағы балық өсірумен айналысатын шаруашылық Сауран ауданындағы кәсіпкермен бірлескен жобаны іске асыру бойынша өзара уағдалыстыққа қол жеткізді. Сондай-ақ, құрама жем өндіру, отқа төзімді қыш шығару, құрылысқа қажетті гидроизоляция және кафель желімдерін және жиhaз өндіру зауыттарының таныстырылымы өткізілді.