СЕНБІЛІКТЕ 2,5 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

138

Бүгін, Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен сенбілік өткізілді. Күн сайын көркейіп келе жатқан киелі Сауран ауданының тазалық жұмыстарына жете көңіл бөліп, бұл бағытта жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Ауданды таза, әдемі, жасыл желекке оранып тұруы, әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Ауданның шырайын келтіріп, көшелердің көркін реттеу мен тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды.

Сенбілікке шыққан азаматтар «Түркістан-Шымкент» бағытындағы жол жиектеріндегі талдарды әктеп, арам шөптерді шауып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысты. Барша саурандықтар ауданның тазалығына жауапты екенін жақсы біледі. Әсіресе, ауданды, ауыл-аймақты көгалдандыруға, оның тазалығын сақтауға көп көңіл бөліп, соған бар күшті салуымыз керек. Осы күні сенбілікке жалпы саны 160-тан астам адам қатысып, 2,5 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Оған 3 техника жұмылдырылды. Сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.