БАРЛЫҚ САЛА МӘДЕНИЕТТІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫНА БАЙЛАНҒАН, ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕН ҚҰРЫЛУДА

139

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді:

«Мен еліміздің даму бағдары туралы пайымдарымды үнемі айтып жүрмін. Соны тағы да қайталағым келеді.

Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз.

Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құрамыз. Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Өкінішке қарай, құқық қорғау мекемелері және аймақ басшылары осы жұмысты дұрыс атқармай отыр. Басқа сөзбен айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз етпейді. Соның салдарынан қоғамымызда ұдайы келеңсіз оқиғалар болып жатады. Мысалы, даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретін болды.

Тағы да айтамын: біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Біз мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Бірақ бүкіл ел болып кіріссек, бұл – қолдан келетін шаруа. Халық, бизнес және билік өкілдері бар күш-жігерін жұмылдыруы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерте аламыз, кедергінің бәрін жеңеміз».

Мемлекет басшысының Жолдауындағы берілген тапсырмаларды орындау басты міндетіміз. Осыған орай Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2023 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсек.

ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕН ҚҰРЫЛУДА

Әуелі ономастика саласына тоқталсақ, 2 елді мекен құрылуда. Атап айтсақ, 1. Бабайқорған ауыл округі, Абай елді мекенін халқының саны кобеюіне байланысты бөлу жолымен жаңадан елді мекен құрып «Игілік» атауын беру бойынша жұмыстар атқарылуда.

  1. Ескі Иқан ауыл округі Ескі Иқан елді мекенін халқының саны кобеюіне байланысты бөлу жолымен жаңадан елді мекен құрып «Тұран» атауын беру үшін тиісті құжаттар жинақталып облыстық ономастика комиссиясына ұсыныс енгізілді.