МЕН ОҚЫҒАН КІТАП

192

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ сөз өнері тарихына прозалық драматургиялық туындылармен елеулі үлес қосқан қаламгер жазушы әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Тахауи Ахтанов шығармашылық кемел жасқа жеткен, қазақ прозасының майталман шебері. Драматург Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» роман жазушының тұңғыш көлемді шығармасы. Осы роман арқылы жазушы мүмкіндігі мол суреткер екендігін бірден-ақ айқын танытты. Шындығында, бұл роман оқушы үшін де, өзі үшін де қаламын ұштай түскені даусыз. «Қаһарлы күндер» романы Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған. Еліміздің тарихындағы осы бір ұлы кезеңді өмір мен өлім арпалысқан сол бір сұрапыл отты күндердің қатал да қайсар шындығы баяндалған.

Роман болашақ жауынгерлердің майданға аттануын суреттеуден баста-лады. Өмірдің боямасыз, шынайы көріністері ең алғашқы беттерінің өзінде-ақ бой көрсете бастайды. Ро-мандағы алуан тағдырлы адамдардың жай-күй, олардың қат-қабат сырлары барған сайын ынтықтыра түседі. Романдағы басты-басты кейіпкерлер-дің көпшілігі дерлік өмірде болған адамдар, даңқты Панфилов дивизия-сының офицер-лері мен қатардағы жауынгерлері. Романның майдан өмірі Москва түбіндегі атақты шайқастардың оқиғаларына құралған.

Романда кескілескен ұрысты Москва түбіндегі ең соңғы қаһарлы да қатерлі «Темір шыдамаған» сұрапыл сойқанға «адам шыдамағанын» әскери техникасы басым саны артық жауға жауынгерлердің қасарыса соққы бергенін жазушы зор шабытпен суреттеген. Халқымыздың жеңілмес жігерінің өшпес лебін шығармада көркем де шынайы бейнелей алған. Қаһарлы күндер романындағы Ержан, Мұрат, Раушан, Айша образдары әдебиетімізге тұлғалы қаһармандар қатарына қосылатын тың бейнелер болып табылады. Ержан мен Мұратты да жау қоршауын бұзып шығу, қорғаныс шебін жасау, жаумен қоян-қолтық соғысу үстінде көрсетеді. Тұтастай алғанда романда қаһарлы күндердің, қаһарман жандардың батырлық тұлғасын шынайы бейнелей алған. Романды оқып шыққанда жазушы соғыстың жалпы сипатын, психолгиясын шынайы суреттеген.

Күлжахан ПРИМХАНОВА,

Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің кітапханашысы.