ТАРИХТЫҢ ҚАТПАРЫНАН СЫР ТАРТҚАН
2017 жылы «Дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға құнды баяндама ұсынып, басылымда жарық көрген. ХҚТУ кітабының І томы, 2017 жыл. 2017 жылы желтоқсан айында ауыл әкімінен ел игілігі жолында атқарған қадамдары үшін «Алғыс хатпен» марапатталған. 2016-2018 жылдар аралығында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тамамдап, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
2016 жылдың наурыз айының 18 – нен бастап осы мектепке мектеп директоры болып тағайындалды. Мектеп директоры болып тағайын-далған сәттен бастап мектепте көпте-ген іс-шаралар мен жетістіктерге қол жеткізді. Шокаманов Сержан Оспанович осы мектепте басшылық еткен жылдары мектеп бітірушілер ҰБТ бойынша жоғары балл жинап, грант иегерлері атанған.
2020-2021 оқу жылында «Алтын белгі» иегерлері үш оқушы, Шариатулла Балнұр, Темірханқызы Айжаным, Бижан Жанерке атанды.
2021-2022 жылы «Үздік аттестатты» бір оқушы иеленді. Шариатулла Шалқар. 2022-2023 оқу жылында екі оқушы «Үздік аттестатты» иеленді. Олар: Кенжетай Диана, Сейдін Дана.
2021-2022 оқу жылында Көкшетау қаласында өткізілген Республикалық жарыстан «Бес асық» үйірмесі бойынша мектептің қыздар арасында өткізілген жарыстан жүлделі III орында иеленген Хабибулла Гүлім мен Маханбетәлі Ақжан мектеп намысын қорғады.
2021-2022 оқу жылында Сарыағаш облысында «Бес асық» ұлттық ойын түрінен 5-6 сынып қыздар командасы I орын алған.
2021-2022 оқу жылында Талдықорған қаласында өткізілген Республикалық үстел теннисі жарысында мектептің 6-сынып оқушысы Ибахан Санжар Қазақстан чемпионы болды.
2021-2022 оқу жылдарында мектептің теннис үйірмесіне қатысатын оқушылардың қалалық жарыстардан алған жүлделі орындары бар.
2021-2022 оқу жылында 5-6 сыныптар арасында өткізілген Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде орын алған оқушылар да бар. Оларды атап өтер болсақ, Төрехан Альбина, Кенжетай Кәусар, Беркінбай Перизат, Ғайса Үміт, Нұрғали Құрбанайым, Әшімхан Азаматтар жүлделі екінші, үшінші орындарды жүлделеген.