ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

55

2022-2023 оқу жылының жетістіктері бойынша Мәшүр Жүсіп Көпейұлының өмірбаяны туралы эссе жазу бойынша 9 сынып оқушысы Абдрай Арша ІІІ орынды иеленді.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бойынша ғылыми жобадан 11 сынып оқушысы Сейдін Дана ІІ орын алған болатын. Қожа Ахмет Ясауи мұрасының түркі елінде насихатталуы бойынша эссе байқауынан 11-сынып оқушысы Сейдін Дана ІІ орынды иеленді. «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбы бойынша Сауран аудандық байқауда жүлделі орындарға ие болған Сағынтай Айым ерекшеленді. «Тұлпар мініп ту алған» өнер фестивалінде Әлдін Диана эстрадалық ән байқауынан Алғыс хат алған болатын. Биылғы оқу жылында «Тәуелсіздік – тұғырым» аудандық байқауда Хабибулла Гүлім 8 сынып оқушысы Алғыс хатпен марапатталды.

2022-2023 оқу жылында Талдықорған қаласында өткізілген Республикалық үстел теннисі жарысынан 7 сынып оқушысы Ибахан Санжар Қазақстан чемпионы атағын алған. 2021-2022 оқу жылында Көкшетау қаласында өткізілген Республикалық жарыстан 5-6 сынып қыздар командасы «Бес асық»Ұлттық лигасынан ІІІ орын иеленген. Өткен оқу жылында облыстық жарыста 5-6 сынып қыздар командасы «Бес асық» І орын иеленген. Биылғы оқу жылында облыстық жарыс 5-6 сынып қыздар командасы «Бес асық» Ұлттық мектеп лигасынан ІІІ орын алды. 2022-2023 оқу жылында облыстық жарыс 8-9 сынып қыздар командасы Үстел теннисінен І орын иеленген. 2022-2023 оқу жылында аудандық жарыс Р.Нұрлыбекұлы, Д.Ахмет, Ә.Қалатай, Г.Хабибуллалар үстел теннисінен І орынды иеленіп облысқа жолдама алған. 2022-2023 оқу жылында облыстық жарыстан 9 сынып оқушылары Р.Нұрлыбекұлы, Д.Ахмет, Ә.Қалатай, Хабибуллалар үстел теннисінен ІІІ орынды иеленді. Ауыл әкімінің ұйымдастыруымен өткізілген жүгіру марафоны бойынша 9 сынып оқушысы Е. Мырзақасым ІІІ орынды иеленді. 2022-2023 оқу жылында оқушылар арасында волейболдан өткен аудандық жарыстан мектептің ұлдар командасы ІІ орынды иеленді. «Кентау спорт клубының» үстел теннисінен 2008 — 2013 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық біріншіліктен Керімбек Асылан І орын алды. 2023 жылы «Кентау спорт клубының» үстел теннисінен 2008, 2009, 2010, 2011, 2012, 2013 ж.т. жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық біріншіліктен 9 сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Рамазан І орын иеленді.

Мектептің шәкірттерін жетістіктерге жеткізіп, биіктерден көрсету үшін мұғалімдері жан-жақты ізденістермен айналысып келеді. Білім жағынан, өнер жағынан, сонымен қатар спорт бойынша алдағы уақытта да жетер жетістіктері мол болсын!

Бетті әзірлеген:

Ләззат САРЫБАЕВА.