2023 ЖЫЛЫ АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ЦИФРЛАУ БОЙЫНША 577 865 ПАРАҚ САНЫ ЦИФРЛЫ ТАҢБАҒА КӨШІРІЛДІ

136
Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының орынбасары Алтын Сейтаева Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында айтты.
«2023 жылы архивтік құжаттарды цифрлау бойынша 3 137 сақтау бірлігінің 577 865 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілді.
2023 жылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне қатысты
«Е-Архив» ақпараттық жүйесі арқылы 10776 сұраным тіркеліп, орындалды. Оның ішінде тақырыптық 5, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 10771 көрсетіп отыр»,-деді Алтын Сейтаева.
Бүгінде архивтегі жинақтау қор көзінде 49 мекеме «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне тіркелген, қазіргі таңда «Қорлар» модуліне мемлекеттік сақтаудағы қорлардың тізімдемелері енгізіліп, жалпы 12 580 істер цифрлы таңбаға көшіріліп, өңделіп тиісті модульге ендірілген.
Мекемелерде Ұлттық архив қорын, жеке құрам құжаттарын дұрыс қалыптастыру, ведомостволық сақтау талапқа сай болуы үшін, «Е-Архив» АЖ бойынша 2023 жылы жинақтаушы қор көзіндегі 458 ұйымға 12 семинар, практикалық-әдістемелік оқу, 24 мекемеге өндірістік оқу өткізіліп, 1970 мекемеге әдістемелік кеңес және практикалық көмек беріліп, 326 құжат Шымкент қаласы әкімдігінің сараптау-тексеру комиссиясына ұсынылып, келісілген.
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің негізгі функциялары архивтік қорларды қалыптастыру, жинақтау, олардың сақталуын қамтамасыз ету, есепке алу және мемлекет пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, архивтік құжаттарды жан-жақты пайдалану, жариялау болып табылады. 2022 жылы көпшіліктің архивке деген қызығушылығын арттыру мақсатында архив ғимаратына эстетикалық жаңарту (модернизация) жұмыстары жүргізілген болатын.
Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/watch?v=74zBlT_rUbw сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.
Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығы