ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 18 БІЛІМ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН

148
Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен селекторлық режимде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиында білім нысандарының құрылыс жоспары, осы бағыттағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
Шымкентте пилоттық жоба аясында 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын іске асыру жоспарланған. Соның ішінде 17 300 орындық 12 мектептің құрылысын 2024 жылы, 10 300 орындық 6 мектептің құрылысын 2025 жылы аяқтау көзделген. Осыған дейін 12 мектептің мердігер мекемелері анықталып, келісімшарттар түзілді.
Қазір 12 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, оның екеуінде жер телімі жұмыстары жалғасуда. Қалған нысандарда ғимараттың іргетасы құйылып, темір-бетонды конструкциялау жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, Нұршуақ, Достық, Ынтымақ, Тұран, Оңтүстік-Шығыс, Бозарық елді мекендерінде 6 жобаға сараптама қорытындысын алу жоспарланып отыр.