ШҰБАРСУДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

249

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбарсу ауылдық округінде инженерлік-инфрақұрылым жүргізу бойынша құрылыс алаңын аралап, жұмыс барысын тексерді.

Әуелі аудан басшысы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойында орналасқан ауылдың кіреберісінде атқарылып жатқан қоршау орнату алаңын аралап шықты.

Мұнан соң округті сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жобаның 2, 3, 4, 5 кезең құрылыс алаңында болып, құрылыс жұмыстарынан белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сапар барысында аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы Шұбарсудағы жеке кәсіпкерлер есебінен салынған «Sea bilim» мектебінің, денсаулық сақтау мекемесінің спорт кешенінің ғимаратын аралап, замануи нысандарды пайдалануға беру бойынша дайындық барысын пысықтады.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі