СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Өткен жылдың 11 айында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында жалпы скринингтік тексерулерден 796 169 адам өтті.
Скринингтік зерттеулер ересектер арасында қан айналым жүйесінің аурулары бойынша 98,3%, қант диабеті 100%, глаукома 100%, жатыр мойны обыры 97,3%, сүт безі обыры 96%-ға және тоқ ішек аурулары бойынша 98%-ға орындалды. Жалпы, өлім көрсеткіші 11%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, МСАК ұйымдары арасында қосымша жаппай иммундау бойынша 52 328 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, амбулаториялық деңгейде науқастарға 4 940 618 консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Бұл ретте қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ, ПЭТ) 53 291 адам қамтылды.
Бүгінде қалада амбулаторлық деңгейде 53 медициналық ұйым қызмет атқарады. Оның ішінде 14-і – мемлекеттік емхана, ал қалғаны жекеменшік болып есептеледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі