“1 ШТУК” АРДАГЕРГЕ, НЕГЕ БІР МӘШИНЕ МІНГІЗБЕСКЕ?..”

565

Соғыс ардагері Қалмен ақсақалға бүгін Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрмет жасады. Әкім ардагерге жұрт қатарлы 1 миллион теңгесін берді. Миллион-миллионымен ғой. Көзі тірі “1 штук” ардагерге бір мәшине неге мінгізбеске” деп, әкім мырза Қалмен ақсақалға аудан халқы атынан су жаңа автокөлік сыйлады. Міне, ерін ардақтаған елдің әкімі Нұрбол Тұрашбековтей-ақ болсын! “Қолы ашықтың-жолы ашық” деген. Автокөлік иеленген ақсақал ел-жұртқа ақжүрекпен амандық тіледі. Көлік мінгізген Нұрбол әкімге соғыс ардагері “Айналайын, абыройлы бол, өс,өн, халқыңа қалтқысыз қызмет ет”-деп аталық ақ батасын берді. Сүйегі асыл қария әлі де тың, қалжыңға да жоқ емес екен. “Бәрінен де бұрын кемпірлерің аман болсын” деп жиналған кісілерді қалжың аралас әңгімесімен бір күлдіріп, көпке мерекелік көңіл сыйлады. Әкімнің баспасөз хатшысы Гаухар қарындасыма “Ойбай-ау, көкемізге көлік сыйлап ғана қоймай, кемпірді қоса сыйласаңдар да жарасатын кісі екен ғой”-деп құдашаммен бір қалжыңдасып алдым… Құдайға шүкір Бадам ауылында тұратын Қалмен көкеме әкімсізде “кемпір сыйлай” алатын 6 ұл-қыз мен 30 шақты немере-шөбересі бар, соларға амандық берсін Қалмен қарияның өзіне құдай қуат беріп, үш жылдан соң 100 жылдығын бірге тойлауды нәсіп етсін Сізбен бізге!

ARA-ақпарат