ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ «ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАСЫНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛДЫ ТАЗАЛАДЫ

103

Бүгін «Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері, ауыл жастары, волонтерлер «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Оранғай ауылында тазалық жұмыстарын өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде табиғатты аялауға және қоршаған ортаға жанашырлықты қалыптастыру. Сонымен қатар айналаны таза ұстау және экологиялық тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сондай-ақ аудан, қала көшелерін ретке келтіру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

Айта кетейік, бүгінгі сенбілікке 150-ге жуық жас қатысты. Олар ауыл су жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.