СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

117

Аудан әкімінің аппарат басшысы Жұманалы Кадиевтің төрағалығымен ауданның мемлекеттік мекемелеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша жиын өтті. Жиынға аудандық дербес бөлімдер мен ауылдық округтың әкімдері мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік субектілер қатысты. Жиында аудан әкімінің аппарат басшысы дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімінің аппараттарына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.

Жиынды қорытындылаған мәжіліс төрағасы мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлің әдеп кодексінің талаптарын және Сыбайлас жемқорлық профилактикасы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң нормаларын және оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті.