ӘЙЕЛ МЕН БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСТЫ 200-ДЕН АСТАМ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

118

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағытта Ордабасы ауданының тергеу, анықтау қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің учаскелік полиция инспекторларына Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар түсіндірілді. Сондай-ақ практикада қолдануға қатысты арнайы сабақ өткізілді.

Жедел кеңесте Тергеу басқармасы бастығының орынбасары М.Сейділдаев, Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Б.Дошманов әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша, ағымдағы жылдың 14 маусымында қолданысқа енгізілетін әрбір бапты талқылап, алгоритмде көрсетілген тергеу практикасының жай-күйін түсіндірді.

Алдағы уақытта аталған департаментпен құрылған топ, қалған барлық полиция бөлімдерінің жеке құрамына түсіндірме сабақтарын өткізу жоспарлануда.