МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

103

«7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай аудандық полицейлер сап түзеп, шара салтанатты әнұран ырғағымен ашылды.

Жиын барысында полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Саттарұлы тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтап, бірқатар полицейге арнаулы шенін табыстады. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар полицейлерді марапаттады.

Отан қорғаушылар күні мерекесі – ерліктің, ар-намыс пен батылдықтың символы. Бұл күні біз ардагерлерімізге, Қарулы күштер жауынгерлері мен офицерлеріне, жалпы өскелең ұрпаққа үлгі болатын барша Отан қорғаушыларға ерекше үміт артып, сенім білдіреміз!