ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРДЫ КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САПТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

85

Ордабасылық полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын, ал жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел іс-шарасын өткізуде.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған шарада полиция халыққа бірінші кезекте түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру, атыс, травматикалық, суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізілетін рейдтік шарада облыс халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.