ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ФАБРИКА ЖЫЛЫНА 60 ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕДІ
Сауран ауданындағы Яссы ауылдық округінде жылына 60 тонна құс етін өндіретін «Сулеймен Ата» шаруа қожалығы бар. Бүгінде фабрикада «Бройлер» тауығының балапандары өсірілуде. Өндіріс орны азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңір тұрғындарын құс етімен қамтуды көздейді. Алдағы уақытта өнім көлемін 120 тоннаға ұлғайту жоспарланған. Қазіргі таңда шаруақожалық Түркістан қаласын толықтай құс етімен қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек, фабриканың жанында арнайы жем дайындалады. Онда күніне 8 тонна жылқы және құс азықтары өндіріледі.
Айта кетсек, фабрика барлық талаптарға сай жасақталған. Оның ішінде құстарға жем-су беру толық автоматтандырылған жүйеге қосылған. Бір ерекшелігі, фабрикадағы құстар ешқандай гормондық қоспаларсыз және өсу стимуляторларысыз өсіріледі. Алдағы уақытта шаруа фабриканы үлкейтіп, бірнеше кезең бойынша өнім санын да арттыруды жоспарлаған. Қазіргі таңда 12 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі