Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктері бар

76

Түркістан облысының тұрғындарының назарына Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде, өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру ұйымдарының саны көбейіп жатқандығы жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Бұл өте маңызды, бәрінен бұрын, себебі ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар саны азаятын емес және бұқаралық метептің білім беру ортасына балалар жиірек кіруде, бұл елімізде инклюзивті білім берудің дамуындағы оң үрдіс болып табылады. Инклюзивті білім беру моделдерін зерттеу, МШБ-ның әлеуттендіру дағдылары мен коммуникативтік біліктерін дамыту үшін маңызды ресурс ретінде АКТ, интернет-ресурстарды пайдалану мүмкіндігі мен әлеуетін, инклюзивті білім беруді дамытудың аймақтық қоғамдастығын құру және басқару процесінде инклюзивті білім беруді дамытудың тиімді тетіктерін көрсетті.

Білім беру ұйымы инклюзивті ортаны дамыта отырып, инклюзивті мектепті басқаруды бірнеше кезеңде жүзеге асыратын тұжырымдама әзірледі:ерекше қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктері туралы ақпараттар алуға және зерттеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-диагностикалық (білім беру субъектілерінің жеке бейімделушілік ерекшеліктерін диагностикалау); — бағдарлық-пропедевтикалық, оның аясында бейімделген білім беру ортасының даму перспективаларын және қажетті басқару шешімдерін анықтау қамтамасыз етіледі; — әлеуметтік менеджмент технологиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін базалық-технологиялық. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, бәрінен бұрын бұл білім беру ұйымы МШБ-мен медициналық құжаттама негізінде жұмыс істейді. Тәуекел тобының балаларын бастапқыда анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдерден сұрау және балалардың ата аналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтаудың келесі критерийлері атап көрсетіледі: — медициналық айғақтар; — оқу дағдыларын, біліктері мен білімдерін қалыптастыру және автоматтандыру қиындықтары; — интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуна күдік; — баланың мүдделері мен қабілеттері тарапынан дәстүрлі жағдайларда әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әр түрлі көріністер; — іс-әрекетін еркін реттеудегі жалпы проблемалар, қозғалыс тежеушілігі және ықыластың бұзылуы көріністері, баланың мінез-құлықының тепе-тең болмауы; — сөйлеуде кез-келген бұзылудың болуы; — көру мен естуге және т.б. күдік келтіру. Ерекше білм алу қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесі әр түрлі деңгейлі бағдарламалар бойынша және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен жеке бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Түзету компонентін қосу міндетті болып табылады.