Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің әдіс — тәсілдері

67

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешу жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Психологиялық тексеру –кемтар балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылған.

Инклюзивті білім берудің 3 негізгі-жіберу, қатысу, қолдау жорамалдаған, менің көзқарасым түзетумен қолдаусыз жаппай мектептерде оқитын ақыл-ойы ауытқыған, ПДТ балалар т.б.,ТҚА, есту, көру, сөйдеу қабілеті бұзылған балалардың жалпы білім беру үрдісінде алдынала анықталады .Даму белсенділігі мүмкіндігінен айырылған балалармен арнайы(тұзету) коррекциялық жұмыстар.Аутиптік бала бейімдеу кезеңінде ата-анасымен үнемі байланыс жасаудың маңызы зор. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай, арнайы мектептерде білім алады. Балалар қоғамдық ортаға бейімделе бастайды, себебі мұғалімдер арнайы сабақтар өткізіп, үйірмелерге қатыстырып, баланың бойындағы икем дағдыларын анықтайды. Мұндай балалардан дарынды суретшілер, шебер қолдар, тоқу, макраме, бисермен жұмыс жасап, неше түрлі зергерлік бұйымдарды жасап жатқандары қаншама.Коррекциялық жұмыс түрлерін жүргізу барысында оқушы өзіне дос табады, еңбектенуге талпынады, қызығушылығы оянады, іскерлік қабілеті артады. Сол арқылы баланың өмірге құлшынысын,тұлғалық танымын арттыруға болады.

Даму мүмкіндігіне қарай мұғалім тапсырма бере отырып, балаға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ата-аналарымен бірлесе отырып тәрбиелеу, оларды келешек қоғамдық орында өзін-өзі басқаруға ықпал жасайды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу өте қиын, қиын болса да мұғалім үздіксіз еңбек етуден жалықпайды.