Адами құндылықтар алға жетелейді

328

Түркістан облысының тұрғындарының назарына барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Қоғамда барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтары сөз болғанда мына жайт еске түседі. Қазақтың тарихи ұлттық толеранттылығы өзінің басты сипатымен ерекшеленеді. Қазақтың ұлттық толеранттылығы тұйық емес, ашық, қонақжай, адамдарды жақындастырады, яғни адамдарды ажыратпайды.  Ар-намыс, қадір-қасиет, абырой және адамның беделі – адамзаттың өмірінде, қоғамында, салт-дәстүр ғұрпында, ой санасында арнайы басты адами қасиетті құндылықтары. Көне заманнан адамның бойындағы адалдық, әділдік, азаматтық, ауызбіршілік, адамгершілік сияқты құнды қасиеттердің бағасы жоғары болған. Дегенмен, әр заманда әр уақытта да ақ пен қараның, жақсы мен жаманның арасында текетірестің болып отыратыны адамгершілік қасиеттердің құндылығын жойып, құнсыздыққа айналдырып жіберетін іс-әрекеттер, жағдаяттар қоғамда болып жататындығынан хабарымыз бар.

Біздің қазақ халқы қанға сіңген табиғатында көпшілдік, дарқандылық, кеңдік сияқты қасиеттермен ерекшеленеді, балаға, жас буынға талбесіктен бастап адамгершілік, адалдық, әділдік, намысты болу, беделділік, әдептілік ұят деген қасиеттерді үйретіп, тәрбиелеген. Отбасындағы ұл мен қыздың бойындағы адами құндылықтар болып табылатын адалдық, ар-намыс, қадір-қасиет, ұят, жомарттық, әдептілік сияқты асыл қасиеттердің барлығы тәрбие түсінігімен байланысып жатқандығын байқаймыз.

«Біреудің ала жібін аттама», «Қызды қырық үйден тыю», «Малым – жанымның садақасы, жаным -арымның садақасы», «Өлімнен ұят күшті», «Қолыңмен істегенді -мойныңмен көтер»; Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер, баланың ұяты – әкеге, қыз – ұяты шешеге, ұрлық түбі – қорлық, т.с. көптеген ұлағатты сөздермен, даналық мақалдар мен тәрбиеленген ұрпақтың бойына сіңіріп отырған.

Қазақтың әдептілік, әділдік атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды. Осындай ұлт намысының абыройының, қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады. Кез келген адамның адами санасы мен мінез-құлқын анықтайтын бірінші психологиялық қасиет – ар-намысы. Бұл – жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, әділеттілік, ұят, көргенділік дейтін құнды қасиеттерді бағалайтын жүйелі моральдық мәдениеттілік, саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым. Адамның намысы мен ұяты түрлі қызмет атқарады; ол кезкелген тұлғаның жан дүниесіндегі, ішкі санасындағы білінбейтін, көрініс бермейтін тәртіп ұят сақшысы сияқты, адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып ғана қоймай, пасық, жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту үшін аса қажетті. Бұл туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс пен қадір-қасиеттің категорияларын алғаш болып Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет адамның қоғамдағы ар-намысы мен абыройын сақтап қалуды үйреткен, озбырлықпен алдап тапқан пайданың адамға әкелетін еш абыройы мен қадірі жоқ екендігін ойда болған. Рим императоры Марк Аврелий бүкіл әлемге өзінің адамзаттың бірінші байлығы шынайы өмір сүру қағидалары туралы насихаттарымен танылған. Ұят, ар, абырой құндылықтары туралы ұлылар да айтып жазып кеткен. Ұлы Абай атамыз өзінің қара сөздерінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ» деп, Баласағұн «Ұят-жаман ойдың жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз адам» деп айтқан.