Еңбектен алыстау масылдықты арттырады

68

Түркістан облысының тұрғындарының назарына патерналистік көңіл күй мен масылдықты төмендету, қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау, қоғамда барлық азаматтардың өзара құрмет және теңдік құндылықтарын жалғастыру және бекіту жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру мақсатында арнайы мәліметтерді ұсынамыз.  Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдауды, қоғамдағы инклюзияны ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру маңызды. Стресті активтер деңгейін төмендету жұмысы да айрықша маңызға ие. Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуге тиіс деген шешім қабылдадық. Сонымен бірге, шектеу қойылып, бұғатталған активтерді экономикалық айналымға қайтару керек. … Алайда, қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алуда. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез-келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек. Патерналистік (масылдық) көңіл күйді әркім әртүрлі түсінеді. Қазақстан жағдайында бүгінгі таңда бұл түсінікке мысал көп. Өйткені кейінгі кездері елде біреудің есебінен күн көру, біреудің көмегіне немесе берген тиын-тебеніне иек арту, біреудің есебінен ішіп жеп, қыдыру, біреуден қарыз алып қайтармай кету   сияқты әрекеттер көбейген. Қоғам және оны айыптаудан, ар санаудан қалған. Капитализмге бет бұрған кезеңде рас, нәпақа табу қиындаған шығар, нарыққа халық тұрмысы сәйкес келмейтін де болар. Бірақ бұның бәрі біреуге масыл бол деген сөз емес.  Тұтастай бір ұлттың мінезіндегі бұндай көңіл күймен күресудің жолы қайсы, масылдықтан құтылатын әрекет бар ма?«Адамды адам еткен еңбек», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «еңбегімен ер сыйлы». Бұл қағидалардың бәрі ертеден ел санасына сіңісті болған тәлім еді. Қазақ ұл-қызын еңбекке осылай баулыды. Балабақша, мектеп, университет те жасөспірімнің, жастардың айналасына осындай атмосфера қалыптастырды. «Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті», «жатқанға жан жуымас, жалқауға мал құралмас», «Жалқаудың жауы–жұмыс» деп еріншек, керітартпа, жатыпішерлерді айыптады, қоғам болып мұндай көңіл күйдегі адамнан жиренді. Мұның бәрі қарапайым адамды еңбекті сүюге үйретті. Шын мәнінде, осындай мақал мәтелдер өсіп өнуді, өркендеп, баюды мақсат еткен кез келген адамның өмірлік бағыты, ұстанатын бағдары болды. Өкінішке қарай, соңғы жылдары қазақ халқы осы тәрбие мен тәлімнен ажырап қалды. Қоғамды масылдық көңіл күй мен жатыпішерлік, тоғышарлық жайлады. Оңай табыс, арзан күлкі, арсыз ұйқыға үйір буын пайда болды. Жастардың арасында бір бірін алдап кету, біреудің ақшасын малдану, кісі ақысын жеу, еңбексіз баюға ұмтылу секілдіалаяқтыққа алып баратын әрекеттер көбейді. Психологтар бұндай тенденцияны қарапайым еңбек адамының насихатының азаюы мен қарапайым еңбек адамның еңбегінің өз дәрежесінде бағаланбауынан десе,  тағы бірі отбасындағы тәрбиенің нашарлауы мен қоғамдағы белең алған жемқорлықтан дейді.

Мемлекеттік ұстаным мен ұлттық идеологияның тәуелсіздік жылдары әлсіреп кеткенін, оның бәрі тұтастай бір қоғамның сенетін, сүйенетінқұндылықтарын жоғалтып, орнына жеңіл олжа, тез баю идеясын алға шығарғанын айтушылар да бар. Қалай десек те, қазақстандықтар алдындақарапайым азаматын масылдық көңіл күйден шығарып, жемқорлыққатөзбейтін, адал еңбекке сүйенетін азаматтық қоғамға айналдыру міндеті тұр.