ҚАРИЯЛАМЫЗДЫҢ ОРТАЛЫҚТА ҚЫЗМЕТ АЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

130

Аудан әкімі аудан орталығындағы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, ардагерлермен кездесті.

2022 жылы ашылған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының негізгі қызметі белсенді және салауатты өмір салтын жақсарту, зейнет жасындағы ардагерлердің қоғамға деген белсенділігін арттыру, зияткерлік қоғамдық, шығармашылық өмірге тарту болып табылады. Орталықта әлеуметтік-медициналық, психологиялық, мәдени-құқықтық, демалыс және ағартушылық, еңбек қызметтері көрсетіледі.

Кездесуде ардагерлер бір сәт бас қосып, қажетті әлеуметтік қызметтерді алу үшін баратын орынға айналған орталықтың жұмысына көңілі толатынын айтып, зейнеткерлерге осындай жағдай жасап жатқан азаматтарға шынайы алғысын жеткізді.

Аудан әкімі қоғамның дамуы сол қоғамның қарт адамдарға қарым-қатынасымен өлшенетінін айта келе, рухани құндылықтарымызды, ел бірлігін, діни татулық пен тұрақтылықты аудан тұрғындары арасында насихаттауда ардагерлердің еңбегі өлшеусіз екенін айтып өтті.