Шылымсыз қоғамды қалыптастыру жолдары

13

Шылым шегу – қоғамдағы денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Темекі тарту әртүрлі ауруларға, соның ішінде өкпе қатерлі ісігі, жүрек-қан тамырлары аурулары, тыныс алу жолдарының бұзылыстарына алып келеді. Осы мәселенің маңыздылығын Түркістан қаласының тұрғындарына түсіндіру мақсатында елімізде атқарылып жатқан шаралар жөнінде мәліметтерді ұсынамыз.Сондықтан шылымсыз қоғам құру денсаулықты қорғау мен өмір сапасын арттырудың маңызды қадамы болып табылады. Мұндай қоғамды қалыптастыру үшін бірнеше тиімді жолдарды қарастыру қажет. Темекінің зиянын түсіндіру және оның салдары туралы халықты ақпараттандыру – шылымсыз қоғам құрудың алғашқы қадамдарының бірі. Мектептерде, жоғары оқу орындарында, еңбек ұжымдарында темекі шегудің зияны туралы дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізу керек. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде темекі шегудің денсаулыққа кері әсерлері туралы ақпараттық науқандар ұйымдастыру тиімді.

Жасөспірімдер мен жастар – темекі шегуді бастауға бейім топтардың бірі. Сондықтан мектептер мен университеттерде денсаулық мәдениетін насихаттайтын арнайы бағдарламалар енгізу маңызды. Спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын шаралар да жастар арасындағы темекі шегуді төмендетуге көмектеседі. Темекі өнімдеріне бағаны көтеру, оларды жарнамалауға және сатуға қатаң шектеулер енгізу шылымсыз қоғам құруға ықпал етеді. Көптеген елдерде темекі өнімдерін сату орындары мен уақытын реттейтін заңдар қабылданған, сондай-ақ қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынған. Қазақстанда да қоғамдық орындарда, көліктерде, жұмыс орындарында темекі шегуге заңнамалық шектеулер енгізу маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, мектептер мен басқа білім беру мекемелерінде ішімдікке қарсы тәрбие бағдарламаларын енгізу – балалар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтаудың тиімді жолы. Сынып сағаттары, дәрістер, тренингтер және танымдық сабақтар арқылы ішімдіктің физикалық және психологиялық зардаптарын түсіндіруге болады. Сонымен қатар, мұндай шараларда ішімдікке қарсы күресуші қоғам қайраткерлері, дәрігерлер және психологтар сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөліссе, жастарға үлкен әсер етеді. Мектептерде спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру арқылы балаларды пайдалы әрекеттерге бағыттап, уақытын тиімді пайдалануға үйрету керек. Жастардың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылса, олар зиянды әдеттерден алшақ болады.

Қоғамдық және медиа кеңістіктегі тәрбиелік жұмыстарды да қалыс қалдыруға болмайды. Ішімдікке қарсы тәрбие тек отбасы мен мектепте ғана емес, қоғамда да жүруі тиіс. Теледидар, радио және әлеуметтік желілер арқылы ішімдіктің зияны туралы ақпарат тарату, танымал тұлғалардың қатысуымен бейнероликтер түсіру, сондай-ақ спорт пен өнерге насихат жүргізу маңызды. Жастардың санасына әсер ететін ақпараттық-насихаттық жұмыстар олардың ішімдіктен бойын аулақ ұстауға көмектеседі.

Темекіге тәуелділікті жеңу үшін шылым шегуді тоқтатқысы келетіндерге медициналық және психологиялық көмек көрсету қажет. Арнайы орталықтар ашып, оларды темекіні тастауға арналған бағдарламалармен қамтамасыз ету шылымсыз қоғамға жақындататын маңызды қадамдардың бірі болмақ. Шылым шегумен күресте бүкіл қоғамның қатысуы маңызды. Қоғамда темекі шегудің зияндылығын түсіндіретін құндылықтар мен ережелер қалыптасуы тиіс. Жергілікті билік органдары, жұмыс берушілер, білім беру мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс істеп, шылымсыз қоғамды қолдайтын іс-шаралар ұйымдастыруы керек.

Мемлекет басшысы 19 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын 2024 жылдың 20 маусымынан бастап темекі шегуге болмайтын, темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға және таратуға сондай-ақ, оларды жарнамалауға тыйым салу күшіне енеді. Сенат депутаттары палатаның 2024 жылғы 14 наурыздағы жалпы отырысында вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда өткен үшінші Ұлттық Құрылтайда Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салу туралы айтты. Оның айтуынша, вейпинг балалар мен жастардың денсаулығына, демек, ұлтымыздың болашағына үлкен зиян келтіреді.

Соған қарамастан күрес әлдеқашан қолға алынды және жалғасуда. Мәселен, темекі дақылдарының өсуін қысқартатын негіздемелік конвенция бар, арнайы қоғамдық ұйымдарға бюджеттен ақша да бөлінеді.Мәселен, осыдан он жыл бұрын алкоголь мен шылымға қарсы шаралар үшін 200 миллион қаржы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осыншама сома темекінің зиянын хабарлау, оның алдын алу, қоғамдық орындарда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. 2016 жылы шылым шегудің алдын алу бойынша 4 әлеуметтік тапсырыс орналастырған. Дәл осы жылы 61 үкіметтік емес ұйым жалпы бағасы 185 миллион теңгеден асатын 115 жобаны жүзеге асырған.
Мамандардың айтуынша, электронды темекі шынайы темекіні тастауға көмектеспейді. Өйткені, оның құрамында никотин мөлшері өте көп. Жастар көп жағдайда мұны әуестікпен тартып үйренеді. Осы арада бір құпия деректі айтайық, мамандардың айтуынша, электронды темекі тартып жүрген оқушыны немесе студентті ата-анасы еш байқамайды екен. Оның себебін айттық. Мұндай темекі шеккен адамның үстінен жағымсыз иіс шықпайды. Уақыт өте келе бұл тәуелдікке әкеліп соғады екен. Тәтті дәмі мен хош иісіне елітудің ақыры – шылымқұмарлықпен ақталмайды, денсаулықты құртып тынады. Электронды темекі Қытайда пайда болып, өзге елдерден келген, қазақ жастарына шетелден келіп сіңген, жаттың қаңсығы. Еліктегіш жастар сол біреудің қаңсығын таңсық қылып жүр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның ересек тұрғындарының шамамен 27%-ы белсенді темекі шегушілер болып табылады. Бұл елдің әрбір үшінші тұрғыны темекі тұтынатынын білдіреді. Сонымен қатар статистика көрсеткендей, Қазақстанда шамамен ерлердің 36%-ы және әйелдердің 19% -ы шылым шегеді.Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында ағымдағы жылдың басында алкогольге тәуелді 90 946 адам есепте тұрған. Оның 3,2%-ын 18-29 жас аралығындағылар құрайды.

Шылымсыз қоғамды құру – ұзақ әрі жүйелі жұмыс. Оны жүзеге асыру үшін халықтың санасын көтеріп, денсаулықты қорғаудың маңыздылығын насихаттау, заңнамалық және медициналық шаралар қабылдау қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, темекі шегуден бас тарту – әрбір адамның денсаулығын жақсартып, болашақ ұрпаққа темекісіз қоғам қалдыруға мүмкіндік береді.