АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

80

Аудан әкімі Азат Оралбаев салаға жауапты бөлім басшыларымен бірге аудан аумағында іске асып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады.

Алдымен Ордабасы тарихи-мәдени қорығында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын тексеріп, оның сапасына назар аударды.

Содан соң аудан әкімі Қараспан ауыл округіндегі Батырата ауылындағы балалар лагеріне табан тіреп, бүгінгі жай-күйін бақылады. Көп жылдан бері аудан балалары үшін өзекті мәселе болып келген лагер құрылысы биылғы жылы күрделі жөндеуден өтіп толығымен шешімін таппақ.

Сондай-ақ «Темірлан Абаттандыру» мекемесінің ғимаратының құрылыс барысымен танысып, жылдамдатып құрылысты аяқтау қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешенінің құрылысын мердігерге құрылыс сапасын арттыру және кемшілік тұстарын бірігіп реттеу бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.